Былтыр «Ақтау - Әуежай» бағытында пилоттық режимде №6 маршруты бойынша бір автобус іске қосылған болатын. Биыл мамыр айынан бастап «Ақтау - Әуежай - Жылы жағажай» бағытына тағы үш автобус қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көлік №2018 әскери бөлімінің маңынан «Жылы жағажайға» дейін және кері бағытта қатынайды. Мамандардың айтуынша, маршрут жағажай маусымының басталуына байланысты созылған.
Жұмыс кестесі бойынша автобус сағат 07:00-21:00 аралығында жүреді.