Тексеру нәтижелері бойынша басшылықтағы екі адамның жалған жұмыспен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Комиссия ӨМГ аутстаффингінің жекелеген қызметкерлерін жалған жұмысқа орналастыру деректерін анықтады. Осыдан кейін компанияға келтірген залалдың алдын ала сомасы 47 млн теңгені құрап отыр.
"Жеті дерек құқық қорғау органдарына жауап беру үшін берілген. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 361 – бабының 4-бөлігі бойынша лауазымды тұлғаларға - ӨМГ Бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев пен бөлім бастығы Әділ Сүйебаевқа қатысты басталды. Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр. Біз бұл деректі растаймыз. Қазір бұл іс құқық қорғау органдарының қарауында", - деді ҚМГ экономикалық және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Әділ Атабаев брифингте.
Қазіргі уақытта компанияның бас директорының орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынған. Ал екінші күдікті-үй қамаққа отыр.