Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2023 жылғы 2-3 наурызда көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында Маңғыстау облысында "Көктем-2023" Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының күштерін жедел басқару алгоритмі пысықталды.
Оқу-жаттығуға жалпы саны 902 адамнан тұратын күштер мен құралдар және 281 бірлік техника топтастырылып, жұмылдырылды.
Сондай-ақ, 62 адамнан тұратын Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдарының тобы, 4 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралдары және 4 мотопомпалар тұрақты дайындықта, олар су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде ел өңірлеріне жіберіледі. Облыстық оқу-жаттығу басшылығының штабы қалалар мен аудандарға 7 кіріспе жолдады, олардың нәтижелері бойынша 7 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Шұғыл ден қою отрядтарын қарау және салу жүргізілді.