16 наурызда "Байтақ" партиясының мүшелері қазақстандық жас жазушы Жәмила Бақтиярқызымен кездесті. Қарымды қаламгер көпшілікке өзінің "Бәйшешек" атты кітабы туралы баяндап берді. Шынайы шығармасының сюжеті өзінің өмірлік тарихына негізделген. Жас та болса, ерік-жігері мол, рухы асқақ Жәмила 10 жыл бойы аса қатерлі аурумен күрескен. Әлемнің жетекші клиникаларында қараған мамандар оған ұзақ уақыт бойы диагноз қоя алмады. Кейінірек Қазақстанда бұл миастения грависі екендігі анықталды. Өлімге әкелуі мүмкін сирек кездесетін аутоиммунды ауру. Бірақ Жәмила құлан таза айығып кетуден бір күн де үміт үзген жоқ. Нәтижесінде ол қорқынышты ауруды жеңе алды. Күрестің барлық жылдарында қыз күнделік жазумен болды. Онда ол өзінің өмірлік тәжірибесі мен ізгі ойларымен бөлісті. Кейінірек бұл естелік жазбалар оның "Бәйшешек" атты кітабының негізі болды.
Жәмила оны қиын жағдайға душар болғандарға көмектесе аламын деген үкілі үмітпен жазды. Мызғымас мықты сенім - бұл мүмкін емес нәрсеге қабілетті күш, жасымайтын жазушы.
"Байтақ" партиясы республикалық штабының төрағасы Қайрат Айтбай Жәмиланің кітабы үмітсіз жандар үшін қиындықты еңсеретін құтқару жолы екенін атап өтті. Бұл шынайы шығарманы жасөспірімдерге арналған тамаша нұсқаулық деуге де болады.
Жақында Жәмилә Бақтиярқызының "Қарлығаш" атты екінші кітабы жарық көреді. Бұл шығарманы автор қазақ әйелдеріне арнаған. Қыз "шығыс әйелі тек үй шаруасындағы әйел" деген қасаң қағидамен келіспейді. Ол өз кітабында бұған дәйекті теріске шығарулар мен нақты дәлелдер келтіреді.
Жәмила "Байтақтықтарға" Парламенттік сайлауда жеңіс тілеп, кездесуге қатысушыларға өз кітабын естелік ретінде сыйға тартты.