Парламент Мәжілісінің депутаттағына Маңғыстау облысынан бір мандаттық округ бойынша түсіп жатқан Абылай Бекқажы өңірдегі ең жас үміткер. Ол жастығына қарамастан өзекті мәселер сайлауалды бағдарламасында көтеріп, жұртшылықпен кездесу өткізіп жүр. Осы ретте Мәжіліс депутаттығына үміткер mangystaumedia.kz сайтына сұхбат берді.
Өзіңіз тарих пәнініңі мұғалімісіз. Болашақ депутат ретінде ең бірінші қандай мәселелер шешімін табуы керек деп санайсыз?
Депутаттыққа ең жас үміткер болашақта Қазақстанның еркін, бай-қуатты жастарына қолдау көрсеткенін қалаймын. Өзімнің сайлауалды бағдарламда қоғамдық мәселелерін қозғап жүрмін. Біз “Болам деген баланың белін буған" қазақтың ұрпағымыз. Бүгін өз орталарыңнан шыққан ұлдарыңызды қолдасаңыздар алда келелі мәселені шешімін табуға аянбай еңбек сіңіремін деген ойдамын.
Сайлауалды бағдарламасында көптеген мәселелер қамтылған. Оның ішінде қайсысы кезек күттірмей шешімін табуы тиіс?
Ең бірінші мектептерде білім сапасын көтеру үшін жағдай жасалуы керек. Себебі, өскелең ұрпақтың білім негізі қаланатын мектептің жайын әрдайым назардан тыс қалмауы тиіс. Одан кейін белсенді жастар қоғамын құрылуы тиіс деп санаймын. Бұдан бөлек, Маңғыстаудағы экологиялық мәселелерді көтеру де күн тәртібінде тұрған мәселе. Сонымен қатар, мектептердегі «Ерекше білімді қажет ететін» балаларға жағдай жасау керек деп есептеймін. Сонымен қоса, денсаулық саласының мәселелеріне үн қосу менің басты парызым деп білемін.
Өзіңіз педагог болғаннан кейін аталған саланы жақсы білеріңізге күмәніміз жоқ. Білім саласында тағы да қандай маңызды жайттар назардан тыс қалып жатыр деп санайсыз?
Болашақ халық қалаулысы ретінде негізгі ұстанымым білімді ұрпақ тәрбиелеу, бай, еркін халықты қалыптастыру, белсенді жастарды қолдауға бағыттадым. Әуелі білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы мектептерде білім сапасын көтеруді көздеймін. Қазақстанда мектеп санын көбейту жиі айтылады. Ал бір сыныптағы оқушылар санын азайтпаса сапалы білім болмайды. Сапалы білім алуға мүмкіндік ашуды көздесек, мектептерді 1-ауысымға ауыстыруымыз керек. 2-ауысымда әр түрлі үйірмелерге мүмкіндік беруіміз қажет. Сона ғана білімде сапа, оқушыда білім болады. Әрі техникалық базамен барлық мектептерді қамтамасыз ету, ең төменгі жүктемемен мұғалімдердің жалақысын көтерілуі керек.
Қоғамдағы әлеуметтік мәселені көтеруге қатысты қандай ұсыныстар айтасыз?
- Бай халық болу үшін бірінші елдің әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Жас кәсіпкерлер кәсіп бастауы үшін бірінші оларды қолдау қажет. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолдау бағдарламаларын жеңілдету де бүгіннің күннің маңызды мәселесі. Тұрғын үй алу жағдайын жеңілдетуді Үкімет қаперге алса деймін. Халыққа берілетін несиелердің пайыздық мөлшерін азайтуды қолдау, зейнет жасын қысқартуға ықпал ету менің басты көксеген мүддемнің бірі. Еркін халықты қалыптастыру үшін халық еркіндігіне қолдау көрсетуге тиіспіз. Ханға да, қараға да өз ойын еркін жеткізген дана халқымыздың салтын ұстану арқылы ашық қоғам құра аламыз.
Жастарға қазір қаншалықты мүмкіндік берілген деп есептейсіз?
Мәжіліс депутаттығына үміткер атанған жас ретінде еліміздің жарқын болашағы екенімізге кәміл сенемін. Жастарға арналған оңтайлы бағдарлама құру арқылы білімге бет бұрған ұрпақты қолдау кезек күттірмеуі қажет. Сонымен қатар, оқу бітірген жастарға үй алуға, жұмысқа кіруге, кәсіп ашуға жеңілдіктер ұсынуды көздеп отырмын. Бұл туралы мен Маңғыстау облысындағы сайлаушыларыммен кездесу кезінде бірнеше рет талқыладық. Сондықтан мақсат айқын.
А. Бекқажының сайлау қорының қаражатынан төленді