2023 жылы жылғы 10 қаңтарда сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық аясындағы мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.
сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400.
Осыған орай, Департамент Маңғыстау облысының тұрғындарын коммуналдық мәселелердің өзекті сұрақтары бойынша өткізілетін тікелей эфирге шақырады.
Сонымен қатар, әрбір тұрғын өзін қызықтыратын сұрақтарын пікір ретінде қалдырып, тікелей эфирде жауаптарын ала алады. Әрбір тұрғын тұтынушы ретіндегі өздерінің құқықтары туралы түсінік ала алады.