Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевті ұстағаны жөніндегі ақпаратты растады, деп хабарлайды mangystaumedia. kz Zakon.kz-ке сілтеме бере отырып.
Комитеттегілер Мақсат Қожабаев сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғанын нақтылады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 9 қаңтарда жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр".