Көркемсуретті туынды өткен жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген. Оған еліміздің ең танымал актерлері қатысып, ҚР Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланы қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, экшн-қойылымдар мен трюктерге толы фильмнің түсіріліміне Ұлттық ұланның арнайы жасақ жауынгерлері, әскери техникасы мен авияциясы қатысқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметі арқылы Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрерменге жеткізу болып табылады.
Кинотуынды арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығын көрсетеді. Олардың атқаратын күнделікті тапсырмалары қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылады. Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте жауынгерлерге өз достығын сынауға тура келеді.
Фильмнің премьерасы осы жылдың 2 қарашасында басталады.