Елімізде әйелдер саны ерлерге қарағанда бұрынғы көшсеткіштегідей басым болып отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап mangystaumedia.kz хабарлады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болған еді. Ал мұны пайызбен қарағанда ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4 пайызды (9 861 175 адам) құрап отыр.
Бұрынғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 миллионға артқан. Қазақстанда 1000 әйелге есептегенде ерлер саны 946 адамды құрайды. Бұл ретте ерлердің әйелдерге қарағанда арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп екен. Аталған облыстарда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келетін көрінеді.