Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Елімізде 2024 жылдың басынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енетін болады.
2024 жылға арналған шекті мәндер өзгерген жоқ (шамамен 2023 жылғы деңгейде қалды) және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болған еді. 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге көлемінде белгіленсе, 50 жастан асқандарға 7 млн 860 теңге мөлдерінде болады.