Бұл туралы энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Рожков ЖЭО апаттарға қарамастан, төмендетілген параметрлермен болса да, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ете алғанын атап өтті.
«Ақтау, Степногорск, Балқаш қалаларындағы жылу желілерінің бүлінуіне келсек, біз жауапты министрлік ретінде энергия көздері мен электр желілерін қадағалаймыз. Ал жылу желілері әкімдіктер мен Индустрия министрлігінің құзырында. Дегенмен Ақтауда жылу желілерінің зақымдануы шынымен де анықталды. Жөндеу жұмыстары жедел жүргізілді»,- деп түсіндірді энергетика министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, аталған сома жылу беруге дайындық жұмыстарына бөлінген.
«Дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Үлкен көлемде қаржы жұмсалды. Биыл шамамен 160 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд-қа жуығы жылу электр станцияларының иелігінде. Үкімет резервінен тағы 20 миллиард бөлінді. Бұл қаражаттың барлығы сенімділікті арттыруға жұмсалды»,- деп жалғастырды шенеунік.
Рожковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл ретте ол заңбұзушылықтардың бар екенін, бірақ соған қарамастан, бүгінгі күні барлық тұтынушылар жылу энергиясымен қамтамасыз етілгенін айтты.