Соңғы 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелмеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр», — деді Әлихан Смайылов.
Республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылуда. Осы іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. Биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді.
Ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылады.