Марат Қарабаев көлік жөніндегі еурокомиссар Адина Вэлянмен кездесуде теңіз флотын нығайту және Каспийде контейнерлік хаб құру мақсатында ship-or-pay шарттарында Ақтау және Құрық порттарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесін талқылады, деп хабарлайды mangystamedia.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Еуропаның көлік әлеуетін дамытудың негізгі мәселелері талқыланып, тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар инфрақұрылымды және терминалдық желіні дамыта отырып, аталған халықаралық көлік маршрутты толық жүктеу үшін Еуроодақпен келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады.
Бұдан басқа, келіссөздерде теңіз флотын нығайту және Каспийде контейнерлік хаб құру мақсатында ship-or-pay шарттарында Ақтау және Құрық порттарын сенімгерлік басқаруға беру мәселелері қозғалған.
Өз кезегінде Марат Қарабаев А.Вэлянды алдағы 19-21 маусымда Астанада өтетін New Silkway форумына және биыл қыркүйекте өтетін инвестициялық форумына қатысуға шақырды.