Бұл сауалды депутат Бақытжан Базарбек Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновке қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«1997 жылдан бері барлық кен орындары инвесторлардың қолында болды, Теңізшевройл мен Қарашығанақ та. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін олармен жасалған келісім-шарттар туралы халық біле бермейді. Ал Конституция бойынша меншік иесі – халық. Бұл ақпаратты халық үшін ашу мүмкін бе және біз оны ашуға дайынбыз ба?»-деді ол.
Хасенов халықаралық талаптар бойынша екі тараптың келісімімен жүзеге асыруға болатынын айтты.
«Қазір ақпарат ашық, олар қандай салық төлейді, қандай әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады және қандай көмек көрсетеді, қанша қаржы бөлетіні секілді ақпараттар барлығына қолжетімді. Ал өзге мәліметтерге келсек, осы заң жобасы бойынша бізде жұмыс тобы бар. Оны Еділ Жаңбыршин басқарады, егер жұмыс тобының аясында ұсыныстар болса, біз оны талқылауға дайынбыз. Халықаралық талаптарға сәйкес келісім-шарт бойынша екі тараптың келісімі болса ақпарат ашық болады».