Қазақстандық мергендер ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан рекорд жаңартып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина Азия чемпионы атанды.
Мергендер жалпы есепте 350 ұпай жинап, Азиада рекордын жаңартты. Сайыс қорытындысы бойынша екінші орынды – 348 ұпаймен Қытай құрамасы, үшінші орынды – 342 ұпаймен Таиланд жеңіп алды.
"Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар да жаңадан жарыс рекордын орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.