Бұдан былай 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін. Мұндай сусындарды сатуға тыйым салу туралы заң жобасы жақын арада Сенаттың мақұлдауына жіберілмек, деп хабарлайды с mangystaumedia.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша Мәжілісте депутаттар 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы норманы қарастырып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдайды.
«Бұл жастардың, балалардың энергетикалық сусындарды тұтынуы олардың денсаулығына зиян тигізетініне байланысты. Бұл норма әлі талқыланып жатыр. Заң жобасы жақын арада Сенатқа жіберіледі деп күтеміз», - деді Ғиният.