Мәжілісте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты бұғаттау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейгенін хабарлады.
«Әлеуметтік желілерді ашқанда, әртүрлі контентті көруге болады. Оның ішінде есірткі заттары, порнографиялық материалдарды, ересектер мен балаларды қорлау көрсетілген, экстремистік және діни сипаттағы материалдар таратылып жатады.
Бүгінде әлеуметтік желілердегі заңсыз контенттің көбейіп бара жатқанын көріп отырмыз. Ал жаһандық тенденция қазір көптеген елдер кейбір әлеуметтік желілерді бұғаттауға және одан бас тартуға мәжбүр болғанын көріп», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл мәселе заңсыз контенттің қаншалықты дәрежеде «басып, ауқымнан шығып кететініне» байланысты болады.
«Менің ойымша бұл қажет (бұғаттау – ред. еск.) Министр ретінде айтарым, бұны қарастырып, зерттеп көру керек. Көріп тұрғандай, балалар қарап отыр», – деді Аида Балаева.