23 сәуір күні еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында күн күркірейді. Күндіз батыста, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.