© akorda.kz
Бүгін мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау салтанатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл түркі қағанаттары, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірінен бастау алған көп ғасырлық мемлекеттілігіміздің қайта өрлеу күні. Бұл күні Алаш қайраткерлері күрескен бостандық идеясы өмірге келді. Олар егемендіксіз ел болмайды деп бекер айтпады. 33 жыл бұрын мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен тарихи әділеттілік орнады. Бұл маңызды құжат Қазақстан тәуелсіздігіне жол ашты», - деді Президент құттықтауында.