© Ақорда
Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
"Құрмет" орденімен "Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубы" КММ аға жаттықтырушысы Нұралы Құлышов марапатталды.
Сондай - ақ, марапатталғандардың қатарында өндірістік, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.