Шымкентте бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылған 23 жастағы келіншек делдал арқылы өз баласын сатпақшы болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол алдымен делдал арқылы сатып алатын адам іздеген. Басқа облыстың 45 жастағы тұрғыны хабарласып, екеуі «тірі тауардың» бағасына келіскен.
Сондай-ақ, тергеушілер нәрестенің анасы бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғанын, қарызға белшесінен батқанын анықтаған.
«Іс «Кәмелетке толмаған баланы сату» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәресте балалар үйіне орналастырылды, анасы қамауда», - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.