© El.kz
Қарағанды облысында жергілікті тұрғынның халықаралық бәйгеге дайындап жүрген бәйге атын ұрлап әкетті. Полиция шағым түскеннен кейін іздеу кезінде екі адам ұсталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алдын ала дерек бойынша жылқының құны 1,5 миллион теңгеге бағаланған көрінеді.
«Полиция бұл іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы екі адамды ұстады. Олар Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер жылқыны ұрлаған соң сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, -деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.
Басқарма бастығы 2023 жылдың басынан бері, облыс аумағында 644 бас мал ұрланғанын айтып отыр. Ал оның ішінде 547 бас иелеріне қайта табысталған.