23 қарашада Бөрлі ауданындағы колледждің 2007 және 2008 жылы туған екі студенті кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш көрсетіп ақша бопсалағаны үшін ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал Оралдағы колледждің бірінде студенттер 500 мың теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалры 194-бабына сәйкес 4 жылға дейін, ал адамдар тобына 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін санкциялар қарастырылған.
Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласындағы барлық білім беру ұйымында бұзақылық, бопсалау фактілерін анықтау үшін Komek Stop Bulling ZKO қосымшасы іске қосылды. Аталған қолданба арқылы студенттер көмек сұрай алады.