Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын зейнетақы төлемдерін қайта есептеп, 30-50%-ға артатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлі деді деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Таратылатын бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан астам еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы қажет деп хабарланды. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды. Азаматтарға тексерілмеген сілтемелер бойынша өтпеуге, сонымен қатар зиянкестер пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады", - деп ескертті ведомстводан.