29 сәуір күні еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz kazhydromet.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, 29 сәуір күні Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Ал өңіріміздің оңтүстік-шығысында екпінді жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстік, батысында, орталығында соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Ақтау қаласында күндіз екпіні 15-20 м/с құрайтын шаңды дауыл күтіледі.