Адам ресурстарын дамыту орталығының (HRD) сарапшылары ұлттық классификатор деректерін пайдалана отырып ең көп сұранысқа ие 25 мамандықты топтастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейтингті бухгалтерлер, күзетшілер мен сатушылар бастады.
Алғашқы ондыққа мына мамандықтар кіреді:
▪️ көлік жүргізушілері,
▪️ медициналық қызметкерлер,
▪️ тәрбиешілер,
▪️ кеңсе қызметкерлері,
▪️ бастауыш сынып мұғалімдері,
▪️ Орта мектептің жалпы ғылым және жаратылыстану пәні мұғалімдері.
Тізімге автобус жүргізушілері, орта мектептің математика мұғалімдері, фермерлер және аралас өнім жұмысшылары да кіреді.