Алматы полициясы интернет-алаяқтардың фотоларын жариялады, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полиция департаменті «ауқымды арнайы іс-шара жасап жатырмыз» деп өздерін Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүздері бейнеленген фотоколлаж дайындады.
– Алматы полициясы қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді, онда күдіктілер Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, «ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр» деген сылтаумен қарамағындағыларға үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару керек деп жазады. Өкінішке қарай, бұл тізбекпен алданған жағдайлар бар. Сондықтан азаматтардың алаяқтардың фотосын көріп, олармен диалогқа түспеуі өте маңызды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.