Атырау облысының Құлсары қаласын 5 сәуірде тасқын су басқан еді. Содан бері Жылыой ауданының аналары 42 сәбиді дүниеге әкелген, mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахмановтың айтуынша, нәрестелердің арасында 20 ұл, 22 қыз бар.
«Су тасқынына байланысты сәбилердің кейбірі Атырау қаласында, Маңғыстау облысында дүниеге келді. Ал егіз нәрестенің анасы Құлсары қаласында босанды. Біздің аурухана 18 сәуірде науқастарды қабылдай бастады. Қазір ауруханада 8 жас ана сәбиімен жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Асулан Абдрахманов.
Оның дерегіне сүйенсек, қазір аурухананың есебінде 1073 жүкті әйел тұр.