Осы аптада еліміздің батыс және солтүстік бөлігінде циклон жүріп, қар мен жаңбыр жауады деп болжанып отыр, mangystaumedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алдағы күндері еліміздің солтүстік облыстарында қар жаууы ықтимал. Ал батыс өңірлерде күннің күрт сууы болжанып отыр.
«6 желтоқсанда Қазақстанның солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы ықтимал. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсан күні солтүстік-батыс салқын антициклоны жүріп, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.
Батыс, орталық мен шығыста -10-18 С аязға болады. Ал солтүстік-батыс пен солтүстікте -25-33 С аяз, оңтүстікте -5-13 С аяз болады деп күтіліп отыр, - деп жазылған «Қазгидромед» таратқан ақпаратта.