Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.