«Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы» (Түрікменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбырлар орнатылды. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген. Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық мамандар мен 565 бірлік техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады. Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.