Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан бір адам мерт болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өтіп жатқан брифингте айтты. «Қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккен 31 адам медициналық мекемелерге келіп түсті. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр, қалғаны орташа және жеңіл деңгейде. Бір адам қаза тапты. Оның автокөлігіне тіке снаряд келіп түскен», - деді әкім. Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді.