Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаевқа сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімделді. Жоғарғы Сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады. Кездесу барысында, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.