Қазақстан Президенті Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.