Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны, Асқар Маминді, Қайрат Мәмиді және Божконы қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. "Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-Министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады", - делінген хабарламада. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.