©
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 1 қазанда басталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын ». 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.