Ақтау қаласы, облыстық филармония залында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Аманбек Сүндетовтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған І Республикалық домбыра прима орындаушылар конкурсы өтті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» атты болашаққа бағдарында келтіргендей: «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз, музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы іспеттес» дегеніндей, аталмыш конкурс сол рухани жаңғыруды қолдайтын, мәдениетімізге қосқан бір үлес болды деуге лайық өтті.
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Маңғыстау облысы бойынша домбыра приманың алғашқы орындаушысы, білікті маман, ұлағатты ұстаз Аманбек Сүндетовтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған шараға Астана қаласынан келген қатысушы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3 курс студенті Молдақұл Ерзат, Ұлт ұйқысы болған Алматы қаласындағы өнер ордасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 8 студенті - 1 курс студенттері - Ықыласов Мейіржан, Несіпбаева Фариза, Ақбергенов Рахат, 2 курс студенттері - Ысқақ Зарина, Ақан Гүлбақыт, 3 курс студенттері - Әбен Дидар, Ылым Асланбек, 4 курс студенті - Сұлтанов Еламан және Қызылорда облысы Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенті Камаладинов Бексұлтан, Қарағанды облысынан арнайы музыкалық мектеп-интернаттың оқушысы Әсем Қорабаева, Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Әбдікеш Ақжолтай, Маңғыстау облысының атынан шығып тұрған Қыдырбаев Берекет қатысты.
Байқауға Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Айтқали Жайымов, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері Орақ Жауыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, профессор Жамағат Темірғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Басығара Ерсайын, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Жалғасбек Бегендіков, Ресей халық әртісі, музыкалық академияның профессоры Цыганков Александр, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Аманбек Сүндетов төрелік етті.
Өнер додасы домбырашылар ансамблінің орындауындағы Құрманғазы «Адай», Мұрат Өскінбаевтың «Жеңіс» күйімен ашылды.
Байқауда бақ сынаған Әбдікеш Ақжолтай К.Күмісбековтің «Вальс», Н.Паганинидің «Соната №12», А.Цыганковтың «Еврейские мелодии», Ғ.Жұбанованың «Юмореска», М.Төлебаевтың «Поэма», Орыс халық әні «Коробейники», Әбен Дидар К. Күмісбековтің «Вальс», И. Тамариннің «Концерт» I б, Т. Кубота-А. Цыганков «Очи черные», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», А. Бызовтың «Ша, штил», Г. Свиридовтің «Старинный романс», Ақан Гүлбақыт А. Цыганковтың «Славянский концерт», І б.К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Перевоз Дуня держала», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», Ф. Крейслердің «Венское каприччио»,Ф. Ристің «Каприччиозо», Ақбергенов Рахат А. Цыганковтың «Славянский концерт» І б., К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Белолица-круглолица», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», Ж. Массненің «Размышление», Н. Римский-Корсаковтың «Полет шмеля», Қоразбаева Әсем К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Пьеса - шутка», «Перевоз Дуня держала», А. Цыганковтың «Славянский концерт» 2-3б., Ғ. Жұбанова «Юмореска», В. Егоров «Лирическая поэма», С. Данильянның «Чернобровый, черноокий», Исках Зарина Ю. Шишаковтың «Концерт» №1, К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Мардянда», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», М. Төлебаевтың «Поэма», А. Цыганковтың «Травушка-муравушка», Ихласов Мейіржан К. Күмісбековтің «Вальс», И. Тамариннің – «Концерт» I б., А. Цыганковтың «Еврейские мелодии», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», В. Городовскаяның «Памяти Есенина», А. Цыганковтың – «Мардяндя», Несіпбаева Фариза А. Цыганковтың «Славянский концерт», І б., К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Голубка», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», П. Сарасатенің «Андалузский романс», А. Бызовтың – «Ша, штил», Сұлтанов Еламан А. Вивальдидің «Концерт a-moll», І б. К. Күмісбековтің «Вальс», А. Цыганковтың «Cкерцо-тарантелла», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», С. Рахманиновтың «Восточный романс», А. Вьетанның «Рондино», Мейрамбекова Шырын К. Күмісбековтің «Жастық шақ», А. Цыганковтың «Травушка- муравушка», А. Лоскутовтың «Концерт», Г. Жұбанованың «Юмореска», К. Сен–Санстың «Лебедь», З. Абреудің «Тико-Тико», Ылым Асланбек К. Күмісбековтің «Вальс», Ю. Шишаковтың «Концерт» №1, А. Цыганковтың «Падеспань», Ғ. Жұбанованың «Юмореска», А. Вераччинидің «Ларго», А. Цыганковтың «Перевоз Дуня держала» шығармаларын орындады.
Тағы оқыңыздар: Ол спортта ақысыз еңбек етуге бар…Қазылар алқасының ұйғарымымен Бас жүлдені - алматылық Сұлтан Еламан жеңіп алды. 1 орынды – алматылық Ылым Асланбек пен астаналық Молдакул Ерзат, 2 орынды – алматылық Ақан Гүлбақыт пен қарағандылық Қоразбаева Әсем, 3 орынды – алматылық Искак Зарина, Әбдікеш Ақжолтай, Ақбергенов Рахат Алматы өзара бөлісті. ал алматылықтар Әбен Дидар, Ихласов Мейіржан және Нсіпбаева Фариза дипломант атанды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ