Шымкентте 2 жасар сәбиді 4-қабаттың терезесінен туысы лақтырып жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған.
Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы туған сәбиді 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген туысы психоневрологиялық диспансер есебінде тұрады.
Қазір сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.
«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.