Жамбыл облысының Қордай ауданында 4 жасар бүлдiршiн екі көліктің арасында қалып, ми жарақатын алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше ұлын балабақшадан алып қайтып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған.
«Осы жағдайда анасы ұқыптылық танытып, баласына мұқият қарағанда жазатайым оқиғаның алдын алуға болатын еді. Полиция ата-аналардың назарын өте маңызды мәселеге аударғысы келеді. Балалардың жарақаттануы көбiнде ересектердің немқұрайлығынан болады. Жалпы, биыл облыста 10 ай ішінде балалардың қатысуымен 284 жол-көлiк оқиғасы тіркелді, онда 23 бала қайтыс болса, 353 бала жарақат алды. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі — тасымалдау ережесі бұзылған, яғни балаларды ұстап отыратын құрылғысы жоқ автомобильдегi жолаушылар. Жыл басынан бері осындай кемшілікке жол берген 1313 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.