©
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдай уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі.
Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Еліміздің 20 жылдан астам уақыт дамуының қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы стратегиялық курсының арқасында саяси жүйесі орнықты, экономикасы күшті, азаматтық қоғамы тұрақты сәтті және заманауи мемлекет құрдық. Бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.
Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде, сонымен бірге, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.
Жаңылхан ЖҮСІПОВА,
Маңғыстау облысы бойынша
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы