Үстіміздегі жылдың 16 маусымында сағ. 11:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында (Астана қ., Д.Қонаев көш., 4) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халықпен есептік кездесуі өтеді. Министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарыңызды diakm_rk@mail.ru электронды мекен-жайына жолдасаңыз немесе 74-18-31, 74-18-32 телефон нөмірлері арқылы хабарлассаңыз болады. Аймақтардағы тұрғындар үшін видеоконференц байланыс орнатылады. Министрдің халықпен есептік кездесуі www.bnews.kz ақпараттық порталында тікелей көрсетіледі.