Бұл үшін заңнамаға түзетулер енгізу қажет, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Президенттің балама негізде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері қызметіне кемінде екі кандидатура енгізу құқығын реттестіретін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, Президент облыс және Республикалық маңызы бар қала әкімдерін жалпы сайлау нәтижелері мен мәслихаттардағы сайлау қорытындысын ескере отырып тағайындайтын болады», - деді Президент.
Мемлекет басшысының мәслихаттар кеңесінсіз облыс әкімдерін қызметінен босату құқығы сақталады.