Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тыйым тек әкімдерге ғана емес, олардың орынбасарларына да қатысты айтылды. Президенттің айтуынша, мұндай шешімдер партиялық жүйені дүрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттілігі кезінде партия мүшелігінде болуына заңды түрде тыйым салуды ұсынды.
Бүгінде барлығы президентке қатысты, бұл менің ойымша дұрыс емес. Мұндай тәжірибеден біртіндеп арылу қажет. Мен үшін мемлекеттің мүдделері биліктің қосымша тетіктерінен және әр түрлі ықпалдардан маңыздырақ. "Amanat" партиясының қаңтар айындағы съезінде мен осы жылы партия төрағасы қызметінен кетуге ниет білдіргенімді мәлімдеген едім, - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.