Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік бағасы барлық бұған дейінгі рекордтарды бұзуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекет басшысы жолдауы барысында Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкелгенін айтты.
-Азық-түліктің бағасы көп ұзамай құбылуы мүмкін. Осыған орай, егіс науқанын сапалы жүргізу бірінші орынға шығады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол үшін Президент шаруаларды жанар-жағармайдың қажетті көлемімен және қолайлы бағамен қамтамасыз етуді тапсырды.
-Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексеру қажет", - деп толықтырды ел Президенті.