«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Бұрын электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға тоғыз құжат ұсынып, оған қол қою үшін жеке келуі қажет болған. Бұл ретте, тұтынушы құжаттардың бір бөлігін энергия беруші ұйымнан алатын.
Осы өзгерістерден кейін тұтынушы тек энергия беруші ұйымға барып, оған 7 құжатты (оның ішінде тек 5 құжатты тұтынушы береді, ал қалған құжаттарды энергия беруші ұйым береді) тапсырады. Сондай-ақ тұтынушылар шарт талаптарын бұзған жағдайда, электрэнергиясын беруді тоқтату туралы хабарламаны алу тәртібі де өзгертілген.
Бұл жерде, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы қарыздары үшін кейіннен электрэнергиясын беруді тоқтату туралы тұтынушыны хабардарету мәселесі жаңалық емес екенін атап өту қажет. Электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін электрэнергиясын өшіру туралы тұтынушыны хабардарету тәсілі ғана өзгерді.
Бұрын тұтынушыны хабардарету үшін оның хабарламаны алғанын растау, сондай-ақ хабарламаны жеткізу тәсілін таңдау шектеулігі болатын, яғни тек түбіртек пен ғана мүмкін болғандықтан, осы өзгерістер қажет болды.
Бұның бәрі тұтынылған электрэнергиясы үшін төлеуден бас тартушы жосықсыз тұтынушылар санының өсуіне ықпал етті. Соның салдарынан, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы тұтынушылардың дебиторлық берешегі ай сайын өсуде.
Бұл жағдай энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдаралдында энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың дебиторлық берешегінің ұлғаюына әкеп соқты.
Енді тұтынушылар кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде электрэнергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алу түрін (электрондық поштамен, факспен, пошта арқылы, қысқа мәтін хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджермен) өздері таңдайды. Шартты түрде, тұтынушы электрэнергиясын 1 мен 30-қыркүйек аралығында тұтынады, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынылған электрэнергиясы үшін 15 қазанға дейін шот ұсынады және тұтынушыда 25 қазанға дейін оны төлеуге уақыты болады. Егер тұтынушы 25 қазанда электрэнергиясы үшін төлемесе, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынылған электрэнергиясы үшін төлеу қажеттілігі және төленбеген жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өшірілетіні туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте атап өту қажет, осы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттық қарым-қатынастарға олар қолданылмайды, яғни, тұтынушы шартты қайта жасамаған болса, бұл өзгерістер оған қолданылмайды.
Өз кезегінде, электрмен жабдықтау шарттары қолданыстағы шарттың мерзімі өткеннен кейін қайта жасалады. Шартты қайта жасау туралы өтініш бермеген тұтынушылар электрмен жабдықтау ұйымымен электрмен жабдықтау туралы шарт жасасу кезінде қолданыста болған тәсілмен хабарланатын болатынын түсіну қажет.
Сондай-ақ, электрэнергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрэнергиясын беруді тоқтату туралы хабарламаның мерзімдері сақталғаны маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық
қадағалау және бақылау комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
аумақтық департаменті