• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 3 Желт. 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

25 қарашадан бастап карантин күшейтіледі – жалған...

Үстірт табиғи қорығында «Тау Шері» алабарысы фототұзаққа түсті (ВИДЕО) ...

Сары базардағы көкөніс бағасы (ФОТО) ...

Денсаулық сақшыларына ризамын

Сары базардағы ет-сүт өнімдері мен балық бағасы (ФОТО)...

  • USD: 422.87 ₸
  • EUR: 512.1 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Қ. Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты

15 қазан, 11:00  |  Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі:

Құрметті қауым!

Ардақты ағайын!

Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз.

Ұлы ақынның рухына тағзым ету үшін мен осы қасиетті топыраққа арнайы келдім.

Қала тұрғындарын және бүкіл елімізді Абай мен оның ұрпақтарына арналған жаңа ескерткіштің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – біртуар ғұлама ойшылымызға деген зор құрметтің белгісі.

Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер.

Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға.

Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы.

Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды.

Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді.​

Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы.

Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы.​ ​

Ұлы ойшыл жастарды білім мен ғылымды игеруге, өнер мен тілді үйренуге, маңдай термен мал табуға шақырды.

Ақын айтқан бес асыл іс: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» – ұлт үшін ауадай қажет қасиеттер.

Біз дамуды тежейтін бес дұшпаннан арылып, елдік мүдде жолында еңбек етсек қана қоғамдық сананы жаңғыртамыз.

Біз Абай аманатына адал болуымыз керек. «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің берік орнығуы осыған байланысты.​

Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет.

Мына еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс.

Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Ақылбай мен Турағұл – елге үлгі болған тұлғалар.

Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген.

Бұл – Құнанбай қажы әулетінің тектілігін танытатын туынды.

Абай шаңырағының тағылымы – ұлт ұлағатының көрінісі.

Жалпы, тәлім-тәрбие ұлт сапасын қалыптастыратын басты фактордың бірі болуы керек!​ ​

Құрметті қауым!

Біз биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше мән бердік.

Мемлекеттік және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар өткіздік.

Ақын мұрасын насихаттауға, ұлағатты сөзін жас ұрпақтың санасына сіңіруге ден қойдық.

Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені жаңа талапқа сай жаңғыртылды.

Ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалды.

Бұл – облыс әкімі Даниал Ахметовтің және бір топ азаматтардың еңбегінің нәтижесі.

Біз мерейтой кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа​ жол берген жоқпыз.

Абай айтқан «мақтаншақтық», «бекер мал шашпақты» тыюдың бір жолы осы деп санаймын.​

Ұлы ойшылдың мұрасы – еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашатын баға жетпес құндылық.

Абайдың асқақ рухы ұлы мұраттарға жетелей берсін!

Шығыс Қазақстан халқына шын жүректен аманшылық тілеймін.

286
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Қазақстан жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1133

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1014

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    769

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    886

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1207

    «Доссор-Ақтау порты» жолының 45 шақырымы жаңартылды

    14 тамыз, 16:48
    557

    Рубрикалар

      ЭкономикаАуыл өміріАнықтама бюросыМұнайлыЖарнамаЖастар бетіСпортРедакция газеттеріҚазақстан жаңалықтарыEXPO - 2017Редакция ұжымыМәдениет

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Шапағатов ауылының VI кварталында газдандыру аяқталды

    Бүгін 18:04
    23

    Қ. Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады

    Бүгін 15:31
    24

    Дәулет ауылында мәдени демалыс орны ашылды

    Бүгін 14:42
    64

    Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат берілді

    Бүгін 14:33
    55

    Маңғыстауда кеше 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

    Бүгін 11:15
    63

    Tour de Маңғыстау

    Бүгін 10:43
    85

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»