2009 - 2019 жылдары Бірыңғай дистрибьютордың жұмыс кезеңінде 32 отандық тауар өндірушімен 3600 дәрі-дәрмек жеткізу туралы 63 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
«2020 жылы олардың 586-сы жеткізіледі, қалғандары бойынша өндіріс алаңдары іске қосылып жатыр. Айта кету керек, COVID-19 ауруы бойынша дәрілік заттардың 48% отандық тауар өндірушілер қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлер қажеттілігін жедел қамтуға мүмкіндік береді», - деді министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, 10 жылда отандық тауар өндірушілердің өнімі шамамен 300 млрд теңгеге сатып алынды, ал оның үлесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 70%-ға жетті.
Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов
«Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» таныстырды. Биыл фармацевтика өнеркәсібінде – 34,1%, инвестицияларда 5,2% серпінді өсу байқалады.