© Inform.kz
Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда БАӘ-де өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1,7 араб дирхам, ең жүйрік ат иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық беріледі. Айта кетейік, қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы - 120 теңгеге тең.
Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей жарыста топ жарған. 30 наурызда Дубайда ат жарысынан әлем кубогы өтеді, онда Кабирхан әлемнің алдыңғы қатарлы жылқыларымен бірге бәйгеге түседі.