Мамандардың айтуынша, "Зимняя вишня" сауда үйінің шатырынан су ағып, тоқ қысқа тұйықталып қалған, соның салдарынан өрт пайда болған. Санкт-Петербург университеті ТЖД орталығы өрт сараптамасын жүргізген кезде, осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Lenta.ru.
Сарапшылар жүргізген алдын ала қорытындыға сәйкес, тоқ жүйесі балалар ойын алаңында 4-қабатта тұйықталып қалады. Сауда орталығының шатырында қар сол күйі алынбай тұра берген, қар еріген соң, су тоққа тиген. Ең алдымен пластик люстра өртене бастаған, кейін құрғақ бассейндегі параллонды ойын тастары жанған.
Орталық мамандарының айтуынша, өрт кішкене аумақты қамтуы мүмкін еді, бірақ өрттің тұтануына желдеткіш әсер еткен. Желдеткішті ешкім сөндірмеген.
Сондай-ақ, тоқ желісінде өрт қаупінен сақтайтын өздігінен жұмыс істейтін сөндіргіш (выключатель) болуы тиіс еді, бірақ олар істен шыққан.
Еске сала кетейік, 25 наурыз күні Кемеровадағы "Зимняя Вишна" сауда орталығында өрт болды. Соның салдарынан 64 адам көз жұмды.
Айгүл ДӘДЕН
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Араксты» тазалау үшін қайтадан конкурс жарияланады