Тараптар «Шах-Дениз» газ жобасы аясында Каспийдегі мұнай-газ кен орындарында бірлесе жұмыс істеу жақсы тәжірибе болатынын айтып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екі жақты кездесу барысында газ алмасуды кеңейту, Каспий маңы ойпатындағы бірлескен кен орындарын кешенді игеру, электр энергиясы саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бірлескен салалары бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.